2020 жылдың 1 қыркүйек күні "Nur Otan" партиясының Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс орталығы өз жұмысын бастап, барлық мемлекеттік органдармен және 2324 жедел әрекет ету топтарымен тікелей көмек ұйымдастыруда. Барлық өтініштер "Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдарының бақылауында болады.
"Nur Otan" партиясы жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе біреу балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, қауіпті жоғары вольтты электр желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау үшін ашылды.
Әрқайсымыз "111" нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиіспіз