"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім Ақкөл лесхоз ауылының "Мичурин атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Мичурина  села Аккольский лесхоз отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

https://www.instagram.com/p/CAUPhI3gjTg/?igshid=qggrxscqm93u
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының «Мичурин атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережеле

1. Ақмола облысы білім басқармасының «Мичурин атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) білім беру, тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру үшін коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

 2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Ақмола облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы).

4. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі тиісті саланың уәкілетті органы (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

5. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Мичурин атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекемесі)

6. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі 020114, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл  орман шаруашылығы, Мектеп  көшесі 22.

2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

         8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

9. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні:

жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес тегін мектепке дейін даярлық, бастауыш, негізгі орта мүмкіндігін ұсыну;

  12.мемлекеттік мекеме қызметінің басты мақсаты – қазіргі заман талаптарына сай жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті минимумын игерту.

  13. Мақсатқа қол жеткізу үшін, мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

         1) ұлттық және жалпы адами құндылықтардың негізінде тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби шыңдалуына, ғылым мен тәжірибеге қол жеткізуге бағытталған білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау;

         2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының мықты тірегінде қалыптастыру, жеке-даралықтың дамуы үшін ой-өрісін байыту;

         3) азаматтылыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға, конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

         4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне түсіністік қажеттіліктерін қалыптастыру;

         5) әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін дамыту, шығармашыл тұлғаның қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;

         6) дарынды балалардың вариативті және көп қырлы білім алуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

         7) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.

 8) алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық жәрдемін көрсету;

 9) әр түрлі деңгейде оқытуды іске асыру, соның ішінде коррекциялық-дамытпалы оқыту;

 10) 5-6 жас аралығындағы балаларды мектеп алды даярлау;

 14. Мектепке оқуға қабылдау тәртібі жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Типтік ережелермен бекітіледі. 

          Білім беру ұйымының қызмет көрсету территориясында тұратын, дайындық деңгейіне қарамастан,  бірінші қыркүйекте  алты   жасқа толған  және ағымдағы күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын балалар  қабылданады.

Білім алушылар санына тіркеу білім беру ұйымы басшысының бұйрығы арқылы жүргізіледі.

         Білім алушылар Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылданған кезде соңғысы оны және немесе ата-аналарын (олардың орнына жүрген тұлғаларды), заңды өкілдерін Жарғымен және білім беру үрдісін ұйымдастыруды реттейтін өзге құжаттармен таныстыруға міндетті.

 15. Құжаттарды қабылдау және негізгі орта мен жалпы орта білім беру жалпы білім беру бағдарламалары және пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы дарынды балаларға арналған бағдарламалар бойынша оқыту үшін мемлекеттік мекемеге қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 30 тамыздан кешіктірмей жүзеге асырылады.

16. Білім беру ұйымының ішкі үлгі тәртіп ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ басқа мектепке ауысқанда ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші бойынша немесе басқа оқыту нысаны таңдап алынған жағдай, оқушыны мемлекеттік мекемеден шығару үшін негіз болады.

 17. Мемлекеттік мекемеде оқыту және тәрбиелеу  орыс тілдерінде жүргізіледі.

Педагогикалық кеңес шешімінің негізінде мемлекеттік мекеме, жекелеген пәндерді және қосымша сабақтарды (курстар, факультативтер, үйірмелер) ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға құқылы.

Мамандандырылған мектептер оқыту жоспарының вариативті бөлігінің құрамына жататын және бағытының ерекшелігін сипаттайтын оқыту пәндері бойынша оқытудың жұмыс жоспарларын және бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемеде оқу-тәрбиелеу қызметі, мектеп қызметінің ерекше бағытының вариативті компоненттерін ескере отырып, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу жылының, демалыстардың ұзақтығы, оқу жүктемесі, оқушылар сабақтарының режимі, сыныпқа көшу және аяқтау емтихандарын өткізу тәртібі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Жалпы білім берудің оқу бағдарламасы төмендегідей білім беру бағдарламаларын қамтиды:

               - 0 саты – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

    - жалпы бастауыш білім;

    -  жалпы негізгі орта білім;

0 сатысы оқудың, жазудың, санаудың және тілдік қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын қалыптастырады, бастауыщ білімді меңгеру үшін біркелкі жағдай жасалуын қарастырады.

Бірінші саты оқушылардың дамуын, олардың оқу, жазу, есептеуді үйренуінің негізгі дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу кезінде өзін – өзі бақылап, сөйлеу мен жүріс-тұрыс мәдениетін қарапайым дағдыларын, адамның гигиенасы мен салауатты өмір салтының алғашқы негіздерін игеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш білім жалпы негізгі білім алудың базасы болып табылады.

Екінші саты оқушылардың Коммуналдық мемлекеттік мекеме бағыты бойынша тереңдетіліп оқытылатын жалпы негізгі білім беру бағдарламасын игеруге қамтамасыз етеді, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуға оның қызығушылық қабілетінің әлеуметтік бейімделуіне және жалпы орта (толық) білім алудың базасы болып саналады.

               Мектепте күндізгі түрде негізгі жалпы білім алу білім алушының он сегізге дейінгі жасымен шектеледі.

               Мемлекеттік мекемеде оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Мемлекеттік мекеме кесте бойынша сенбі және жексенбі демалыс күндерімен 5 жұмыс күні, 1 ауысымда жұмыс істейді. Академиялық сағаттың ұзақтығы – 40 минут. Сыныптардың жинақталуы – 6 адамнан көп емес.

Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, оқушылардың білімін тексеру формативті және жиынтық бағалау арқылы жүргізіледі.

Оқушыны келесі сыныпқа көшіру Педагогикалық кеңестің шешімімен, мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің түлектерін қорытынды аттестаттау, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінің түлектерін қорытынды аттестаттау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің түлектеріне, олар қорытынды аттестаттаудан өткен соң, мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

18. Оқушылардың  құқықтары мен міндеттері:

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер:

1) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде жеке оқу жоспарлары, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) білім беру ұйымында ақпараттық ресурстарды, сонымен қатар мүгедектер, мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін қол жетімді нысанында тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге;

5) оқу, компьютер сынып және  тегін пайдалануға;

 6) өз пікірі мен көзқарастарын еркін білдіруге;

7) өзінің адами қасиеттерін құрметтеуге;

8) оқудағы, ғылыми және тәжірибелік қызметтегі жетістіктері үшін марапаттауға және ынталандыруға құқылы.

Білім алушылар:

1) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім, дағдылар, тәжірибелік машықтанулар мен құзыреттіліктерге ие болуға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

2) өз денсаулығы үшін қам жеуге, өз бетінше рухани және физикалық жетілуге ұмтылуға;

3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;

4) педагогикалық қызметкердің абыройы мен қадыр-қасиетін, өздері білім алатын білім беру мекемесінің дәстерлерін құрметтеуге міндетті.

19. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері:

1) сәбидің тілегін, жеке икемділігін және ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері, Қамқоршылық кеңесі арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымынан өз балаларының үлгерімі, тәртібі мен білім алу жағдайына қатысты ақпарат алуға;

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өз балаларының білім алуы мен тәрбиеленуінің мәселелері бойынша консультативтік көмек алуға;

5) балаларына өмірі мен білім алуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың көзқарасы мен физикалық күшін дамытуды, рухани қалыптасуын қамтамасыз етуге;

6) мектеп пен ата-аналардың арасындағы шартта көрсетілген талаптардың ережелерін орындауға құқылы.

20. Педагогикалық қызметкердің құқықтары мен міндеттері:

Педагогикалық қызметкер:

1) қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы педагогикалық қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-сараптамалық жұмыспен айналысуға, педагогикалық тәжірибесінде жаңа әдістемелерді және технологияларды енгізуге;

3) жеке педагогикалық қызметке;

4) білім берудің деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартының талаптарын сақтаған жағдайда, педагогикалық қызметті ұйымдастыру тәсілдерін және нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) санатын көтеру мақсатында мерзімінен бұрын аттестациялауға;

8) педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін моральды және материалдық марапатталуына;

9) өзінің кәсіби абыройы мен қадыр-қасиетін қорғауға;

10) педагогикалық еңбек өтілінің сақталуы арқылы ғылыми қызметпен айналысуы үшін шығармашылық демалысқа;

11) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға;

12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің тарапынан абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеуіне құқылы.

Педагогикалық қызметкер:

1) өзінің кәсіби құзыреттілігінің саласында тиісті теориялық және тәжірибелік білімдер мен оқытудың машықтануларына ие болуға;

2) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғарғы адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрметпен қарау рухында, қоршаған әлемге сақтылықпен қарау қатынасында тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың бойында өмірілік машықтануларды, құзыреттілікті, дербестілікті, шығармашылық қабілеттілікті дамытуға;

5) өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлігін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіруге;

6) бес жылда кем дегенде бір рет аттестаттаудан өтуге;

7) педагогикалық әдеп ережелерін сақтауға;

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Міндеттерін орындамағаны және педагогикалық қызметкер атағын әшкерлейтін қылықтар жасағаны үшін, педагогикалық қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

21. Мемлекеттік мекеменің, осы жарғыда бекітіліп берілген қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасасуға құқығы жоқ. 

22. Мемлекеттік мекемемен Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін, немесе оның басшысының жарғылық құзыреттілігін бұзу арқылы жасалған мәмілелер, тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

23. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тиісті саланың өкілетті органы жүзеге асырады.

 24. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) коммуналды мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;

4) мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қою немесе қайта бөлуді жүзеге асырады.

 25. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны  лауазымынан босату негіздерін анықтайды;

5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

7) мемлекеттік мүлік бойынша өкілетті органға мемлекеттік мекемеге тапсырылған немесе жеке шаруашылығы қызметінің нәтижесінде иемденген мүлікті алуға тастауға немесе қайта таратуға келісімін береді;

 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 26. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

 27. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органы) тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

 28. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

29. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

30. Мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

 4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, машықтануға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қолданады және жеке жауапты болады;

 12) мектептегі алқалық басқару органдарымен әрекет етеді: Педагогикалық кеңес, Ата-аналар комитеті, Қамқоршылық кеңесі.

 13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың  өкілетті органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

31. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың::

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3). Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.

32.Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

 33. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

 34. Егер қаржыландырудың қосымша көзі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленбесе, мемлекеттік мекеме қызметі бюджеттен қаржыландырылады.

 35. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

 36. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және қайта қарау Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті саланың уәкілетті органымен  жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі

37. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 38. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

39. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату, Құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

40. Мемлекеттiк заңды тұлға заң актiлерiнде көзделген өзге де себептер бойынша да таратылады.

41. Таратылатын мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе құрылтайшы тарапымен қайта бөлінеді.

42. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

Мемлекеттік мекеменің  филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

Жаңартылған күні: 31.10.2020 16:07
Құрылған күні: 31.10.2020 16:07

Текст